19 маусым күні Павлодар облысында күшті дауылды жел соғып, салдарынан тұрғындар зардап шекті, ғимараттардың шатырлары ұшып, электр желілері, ағаштар, аялдамалар, балалар алаңдары мен автокөліктер зақымданды. Тұрғындардың сүйікті орны – орталық жағалау да зардап шекті.
Қалпына келтіру жұмыстарына коммуналдық қызметтер мен арнайы техника тартылды. Сонымен қатар, аймақтық полицейлер мен бей-жай қарамайтын азаматтар да көмекке жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында 109 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығы, 112 және 8 (7182) 70-37-95 нөмірлері бойынша ТЖД call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.