Истаевтар әулеті отбасымен тәртіп күзетінде

Истаевтар әулеті отбасымен тәртіп күзетінде

Ішкі істер органдарындағы полицейлердің әулеттері де аз емес. Әке-шешесі бейбіт халықтың тыныштығын қорғайтын отбасында өскен бала оның мінез-құлқында із қалдырары сөзсіз. Әдетте, бұл балалар құқық қорғау органдарының ең білікті және кәсіби қызметкері болып өседі.

Сондай полиция қызметкерлерінің бірі - Берік Истаев. Әулеттің негізін қалаушы әкесі, Қасен Темірәліұлы Истаев полицияға 1984 жылы комсомолдың жолдамасымен Семей автомеханикалық техникумын бітіргеннен кейін келді. Қасен Истаев өз қызметін қатардағы жауынгер ретінде Павлодар облысы ІІБ жол-патрульдік қызметі бөлімшесінің инспекторы ретінде бастады. Содан кейін жол полициясы басқармасының әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеді.

Құқық қорғау органдарында жұмыс істеген жылдары отставкадағы полиция майоры Қасен Истаев орасан зор кәсіби білім жинады. Полиция қызметкері құрметті демалысқа 2005 жылы Павлодар облысы ЖПБ штаб бастығы лауазымынан полиция майоры атағымен кетті. Жол полициясы бөлімшелерінің үлгілі қызметі және қызметтік міндеттерін жақсы ұйымдастырғаны үшін Қасен Темірәліұлы "Мінсіз қызметі үшін", "Милиция үздігі", "Қазақстан полициясына 25 жыл, "Қазақстан полициясына 30 жыл", "Кеңес милициясына 100 жыл" медальдарымен марапатталды, бірнеше рет ҚР ІІМ және Павлодар облысы ІІБ алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.

Бүгінде Берік Истаев әкесінің ісін жалғастырды. Ол саналы түрде әкесінің жолын қуып, қызметін 2004 жылы Ақсу қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастады. Кейін аға және басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді. Павлодар ауданының полиция бөлімінде 2020 жылдан бастап қызмет етеді, онда жергілікті полиция қызметінің бастығы болып бастады, ал 2022 жылдан қазіргі уақытта дейін Павлодар ауданы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.

Заңның күзетінде тұрған әпкесі де шетте қалмады. Әділет кеңесшісі Әсемгүл Истаева Павлодар облысы Прокуратура басқармасының прокуроры.