Полиция-балалар қауіпсіздігінің кепілі

Полиция-балалар қауіпсіздігінің кепілі

Полиция-балалар қауіпсіздігінің кепілі: Павлодар облысы Ертіс ауданында жазғы лагерьлердің ашылуымен полицейлер көшелерде жол қозғалысы қауіпсіздігі сабақтарын өткізуде.

- Басты мақсат-балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларда көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту. Іс-шаралар балалармен оқу орындарының қабырғаларында да, көшеде де өткізілуде. Балаларға жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді, балалардың жүріс - тұрысының негізгі ережелері жазылған жадынамалар мен буклеттер таратылады, - деп хабарлайды полиция.

Сонымен қатар, полиция жүргізушілерді балалар мекемелерінің жанында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің, қоғамдық көлік аялдамаларының, әсіресе аулалардың жанында жүргенде өте мұқият болуға шақырады.