Павлодарда полицияның белсенді көмекшілері көтермеленді

Павлодарда полицияның белсенді көмекшілері көтермеленді

Павлодар облысының ПД қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысатын, оның ішінде заңның немесе әдеп нормаларының кез келген бұзушылықтары туралы хабарлайтын азаматтарды көтермеледі.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті дамытуды көздейді.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың саны 900-ге жуық адамды құрайды. Полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен 4 қылмыс ашылды және түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 86 адам жауапқа тартылды.

Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов ішкі істер органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелерінде белсенді жәрдемдескені үшін Павлодар облысының құқық қорғау бағытындағы қоғамдық көмекшілерінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

- Сіз іздеу іс-шараларына қатысасыз, біздің қызметкерлерге қылмыстың алдын алуда көмек көрсетесіз. Осылайша, полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті сақтауға қатыса отырып, патриотизмді, азаматтық борышыңызды көрсетесіз. Ішкі істер органдары мен еріктілердің тығыз өзара іс — қимылы өз тиімділігін көрсетті, - деп атап өтті Болат Нұрсейтов.

Полицейлер жыл сайын қоғамдық көмекшілер көбейіп келе жатқанын атап өтіп, азаматтарды төзімсіздікке және қоғамдағы бұзушылықтарға қарсы тұру – жастардың құқықтық сана-сезімін арттыру және оларды ел заңдарын құрметтеу рухында тәрбиелеудің бір жолы деп санайды.