Жазғы демалыстың басталуымен Павлодар ауданының аумағында орналасқан "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. "Балдәуренге" балалар облыстың түкпір-түкпірінен жиналады. Ашылуына байланысты лагерьге Павлодар ауданы ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспекторы Лаура Шакарова келді.
Инспектор балаларға пайдалы және көңілді жазғы демалыс тіледі, оларға мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айтып берді, балалармен және педагогтармен жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткізді.
Полиция қызметкері интернет қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол балаларды әлеуметтік желілерде сөйлескен кезде абай болуға, бөгде адамдарға жеке ақпаратты бермеуге және күдікті хабарламаларға жауап бермеуге шақырды. Сондай-ақ, инспектор судағы қауіпсіздікті еске салды. Тәртіп сақшысы өрт қауіпсіздігі тақырыбына да тоқталды.
Полиция қызметкері балаларды өте мұқият болуға, өз әрекеттерінің салдары туралы ойлануға және қауіп төніп тұрғанын сезсе, көмек сұраудан қорықпауға шақырды.
Жаз тек көңілді ғана емес, қауіпсіз болуы керек, деп атап өтті Лаура Шакарова.