Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер күн сайын өңірдің құқықтық тәртібін күзететін қызметкерлердің жұмысының көрсеткіштері болып табылады

Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер күн сайын өңірдің құқықтық тәртібін күзететін қызметкерлердің жұмысының көрсеткіштері болып табылады

Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер күн сайын өңірдің құқықтық тәртібін күзететін қызметкерлердің жұмысының көрсеткіштері болып табылады.
Кезекті хат Екібастұз тұрғынынан келді. Шипилова Елена Юлиановна көші-қон қызметінің қызметкерлері Шахин Сағындық пен Базаралинов Мадиарға кәсібилігі, сыпайылығы, жеделдігі және тұрғындарға немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс білдірді.
- Сіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында Екібастұз қаласы тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы бола түсуде. Мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу жөнінде жүгіндім. Жігіттер бәрін түсіндірді, сондай - ақ ҚР-да уақытша тұруға рұқсат алу бойынша кеңес берді, - деп жазды қала тұрғыны. Әр түрлі елдердің адамдарымен жұмыс істеу ерекше шыдамдылық пен түсіністікті талап етеді, біз өзімізге жүктелген міндеттерді қамтамасыз ету үшін қызмет атқарамыз,- деп атап өтті полицейлер.