- Облыс аумағында көші-қон заңнамасының құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған "Мигрант" 5 күндік жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.
Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша полицейлер 352 азаматты жауапқа тартты, оның ішінде 237 шетелдік, 115 ҚР азаматы. Тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 122 шетелдік азамат, сондай – ақ оларға жұмыс берген 39 кәсіпкер анықталды-деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
Осындай мысалдардың бірі-мұндай рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті шарт болып табылатын кезде уәкілетті органның рұқсатынсыз екі шетелдік азаматты қолөнерші ретінде тарту. Жұмыс беруші жазаланды, шетелдіктер де жауапқа тартылды.
Бұдан басқа, елден 14 шетел азаматы шығарылды, сотқа азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберуге 5 материал жіберілді. Іздеуде жүрген бір қылмыскер анықталды.