Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

"Мигрант" ЖПШ барысында өнеркәсіптік объектілердің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматы анықталды және ұсталды.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша қамауда ұстау изоляторында. Оны іздестіруге бастамашы болған елге экстрадициялауды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде - деп түсіндірді Павлодар облысы ПД
"Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің үш күнінде полицейлер 262 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 175-і шетелдіктер, 87-і ҚР азаматтары. 13 шетел азаматы шығарып жіберілді, сотқа 5 материал азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарып жіберуге жіберілді.