Василий Скляр футболдың жас чемпиондармен кездесті

Василий Скляр футболдың жас чемпиондармен кездесті

Облыстық полиция ведомствосының басшысы әлемнің 22 елінен келген 36 команда арасында турнирде үздік болып, "Манчестер Сити" және "Ювентус" сияқты клубтарды жеңіп алған "RB Arman"футбол клубының балаларын қонаққа шақырды–деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
- Жеңістеріңмен құттықтаймын! Сендер өмір жолы басталған жастан бастап, әрі қарай жүрулерің керек. Бұл жеңістер бастапқы кезең, бірінші кезең, алда әлі де көптеген қадамдар бар.
Өздеріңе сенуге және арманға жақындауға көмектескен осындай әдемі балалар мен жаттықтырушыларды тәрбиелеген ата – аналарына алғыс айтқым келеді", - деді Василий Скляр.
Қол жеткізген спорттық жетістіктері үшін жеңімпаздарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.
Кездесуде жас спортшылар генералға сұрақтар қойып, өздерінің жетістіктері мен болашақ мақсаттарымен бөлісті.
Балаларға арналған марапаттау рәсімінен кейін полиция қызметкерлері экскурсия ұйымдастырды.
Кинологиялық қызмет қызметкерлері иттердің әртүрлі тұқымдары, олардың есірткі, жарылғыш заттар мен адамдардың іздерін табу міндеттері мен дағдылары туралы айтты. Сондай-ақ, көрме бағдарламасын өткізіп, төрт аяқты серіктестердің дағдыларын көрсетті.
Әрі қарай балалар полиция мұражайына барып, ішкі істер органдарының бай тарихымен танысты. Мұражайда балаларға Павлодар облысы полициясының құрылу тарихы туралы айтылды. Балалар полицейлердің жекелеген қару-жарақтары мен киім-кешектерімен, тарихи құжаттармен, фотосуреттермен және басқа да қызықты экспонаттармен таныса алды.
Экскурсия жедел басқару орталығында жалғасты, онда балаларға бейнебақылау камералары түрлі құқық бұзушылықтарды қалай тіркейтіні және қылмыскерлерді жедел тәртіппен "ұстауға" көмектесетіні көрсетілді.
- Мен үшін генералдың қолынан сыйлық алу өте маңызды. Бұл мен үшін ерекше сый. Осындай мүмкіндік үшін полицейлерге рақмет. Біз үшін бұл спортта да, оқуда да жақсы оқуға және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыру",-деді 10 жасар Жәңгір Шаймарданов.
Іс-шара соңында полиция жас қонақтарына жақсы жазғы демалыс тілеп, қауіпсіздік ережелері мен үйде және көшеде заңға бағынатын мінез-құлықты еске салды.