2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы № 240 бұйрығы

2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 32-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға, Павлодар облысты мәслихатының «Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы                                 "2019 - 2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 288/26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 15 наурыздағы № 328/29 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2019-2021 жылдарға арналған ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:

- 001 «Облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»               (1 - қосымша);

-  003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу»                  (2 - қосымша);

- 006 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» (3 - қосымша).

  1. «2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы» 2019 жылғы 4 шілдедегі № 228 бұйрығының күші жойылды деп саналсын.
  2. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы (Ж.Р. Байтенова) қамтамасыз етсін:

1) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік органның                     веб-порталында 3 күнтізбелік күн ішінде орналастыруды;

2) жыл сайын есептік қаржылық жылдан кейін 1 наурыздан кешіктірмей мемлекеттік органның веб-порталында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыруды.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Павлодар облысы Полиция департаментінің  «Бюджеттік бағдарламалар басшыларын бекіту туралы»

 

 

 

2019 жылғы 20 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес бюджеттік бағдарламалар басшысы Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Күдешев Рустам Асқарұлына жүктелсін.

Бұйрық
Дата публикации
12 июля 2019