"Мемлекеттік тіл- бірліктің негізі”

"Мемлекеттік тіл- бірліктің негізі”

“Қазақ тілі менің мақтанышым. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру — баршамыздың міндетіміз!”,-дейді жаңаөзендік полицей Рахим Наджафов.

Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Полиция қызметкері болу үшін білім, білік, білек және сабыр, төзім әрі қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге керекті басты қасиеттер. Ұстамды, сыпайы болу, азаматтармен тіл табыса білу де аса маңызды.Бұл салада қызмет ететін адамның бойында мол қажыр-қайрат, тәртіп пен табандылық болуы қажет. Осындай талап үрдісінен шығып жүргендердің бірі-Рахим Наджафов. Ол, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы. “Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, өзгеден тәртіпті талап ету үшін алдымен өзіміз тәртіпті болуымыз керек, дейді. Бүгін, Рахим Наджафов “Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын арттыру және этносаралық ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқаны және Қазақстан халқының бірлігі күніне байланысты ұйымдастырылған “ Мемлекеттік тіл- бірліктің негізі” атты Республикалық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін ҚР ІІМ орынбасары полиция генерал-майоры А. Сайтбековтың алғыс хатымен марапатталды.