Маңғыстау облысында «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары жалғасуда

Маңғыстау облысында «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары жалғасуда

Маңғыстау облысында «Жасөспірім» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтті.

«Жасөспірім» іс-шарасы барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, қараусыз және қолайсыз отбасыларды анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ал «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде.

Полиция азаматтарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырады. Әр азаматтың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.

https://www.instagram.com/reel/DIzMOL5MXDv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==