Маңғыстау облысы Полиция департаменті 2025 жылғы 5 сәуірден бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енетінін ескертеді, бұл мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіреді.
Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Мопедтерді тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну қажет:
1. Ақтау қаласы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы: м/ж Өнеркәсіптік аймақ 9, 57 учаскесі.
Қажетті құжаттар:
• Жеке куәлік (электронды түрде көрсетуге болады);
• Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
• Өтініш толтыру;
• Мопедті тексеруден өткізу;
• Тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу: мопедті тіркеу үшін 0,25 АЕК (983 тг.), тіркеу куәлігін беру үшін 1,25 АЕК (4 915 тг.), және мемлекеттік нөмір алу үшін 1,4 АЕК (5 505 тг.).
Сондай-ақ, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынатынын ескере отырып, Маңғыстау облысы Полиция департаменті мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес береді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселелерін соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.
Қосымша сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
8-701-777-43-62; 8-775-991-77-77; 47-45-89.
https://www.instagram.com/reel/DFLf6jusMRA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==