Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу

Ақтау қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторларының ұйымдастыруымен №23 жалпы білім беру мектебінде 8-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын қылмыстық іс әрекеттердің алдын алу, құқық бұзушылықтың жолын кесу» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.

💠 Жиналыстың мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

👮🏻‍♂️Іс-шараға Ақтау қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары қатысып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға қоғамдық ортада өзін ұстауына бағытталған тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

https://www.instagram.com/reel/C58GuVUM2be/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==