Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әбдурасул Өтешов облыс аумағындағы құқық бұзушылық мониторингінің нәтижелері туралы баяндама жасады

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әбдурасул Өтешов облыс аумағындағы құқық бұзушылық мониторингінің нәтижелері туралы баяндама жасады

17 сәуірде Маңғыстауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әбдурасул Өтешов облыс аумағындағы құқық бұзушылық мониторингінің нәтижелері туралы баяндама жасады.

“Мониторингке сәйкес, үш айда, яғни, 2024 жылдың басынан бері 400 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 366-сы елді мекендерде, 29-ы республикалық маңызы бар автомагистралдарда және 5-еуі жергілікті автожолдарда болған. Жол-көлік оқиғасының ең ауыр жағдайлары республикалық автожолдарда тіркелді, үш айда қаза тапқан 34 адамның 21-і (61,8%) осы жолдардағы апаттардың салдарынан ажал құшқан» - дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әбдурасул Өтешов.

Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер арасында ең көп таралған заң бұзу фактісі – ол жылдамдықты асыру. Осыған байланысты жүргізушілер арасында жауапкершілік деңгейін арттыру үшін техникалық бақылау құралдары пайдаланылады.