Кәсіптік бағдар беру аясында полицейлер оқушылармен кездесті

Кәсіптік бағдар беру аясында полицейлер оқушылармен кездесті

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының өкілдері Мұнайлы ауданы мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру аясында кездесу өткізді. Кездесуге аудандық Пб бастығының орынбасары және желілік полиция бөлімі бастығының кадр жұмысы бойынша орынбасары қатысты.

Шара барысында білім алушылардың назарына аталған оқу орнына түсу шарттары, тиімділігі, ішкі істер органдарында қызмет атқарудың жағымды жақтары туралы толық ақпарат жеткізіліп, қызықтырған сұрақтарға полиция тарапынан жауап берілді.

Өз кезегінде бітіруші түлектерде салаға деген қызығушылық оянып, болашақтарын осы қызмет түрімен ұштастырғысы келетіндерін жеткізді. Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

https://www.instagram.com/reel/C5sJgytISOk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==