Маңғыстау полицейлері бір күнде 28 жезөкшені ұстады

Маңғыстау полицейлері бір күнде 28 жезөкшені ұстады

1 желтоқсан күні “Стоп-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қызды анықтады.
Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 449, 492-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

Жезөкшелікпен айналысу үшін тұрғын үй-жайды жалға бергені үшін _(ҚР екі азаматы)_ ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді және риэлторлық ұйымдарды ескертеді - жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға үй-жайларды беру ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ол үшін 300 мың теңгеден астам айыппұл салынады.