2023 жылдың 5 қазан күні Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласында шағын аудандардың бірінде 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде құрамында "МДМА" ("экстази") синтетикалық есірткі заты бар құны 6 миллион теңгеден асатын бір үлкен целлофан байламы тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті есірткі заттарын “telegram” әлеуметтік желісіндегі арна арқылы сатпақ болған.
Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Күдікті азамат соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.