2023 жылдың 7 қазан күні Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 18 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды.
Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде құрамында "альфа-PVP" синтетикалық есірткі заты бар 210 байлам табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы құны 6,5 миллион теңгеден асады.
Сондай-ақ, “гашиш” есірткі затының 30 байламы тәркіленіп алынды.
Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Күдікті азамат соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.