Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Жаңаөзен қаласы Ақсу шағын ауданындағы тас жолдардың бірінде мектеп түлектерімен орын алған бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен, “Daimler Chrysler” маркалы автокөлігінің жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпай, заң бұзушылыққа жол берді. Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен аталған көлік құралының жүргізушісінің жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігімен хаттама жасақталды.
Ал “Mercedes Benz E 320” автокөлігінің жүргізушісі бірден екі құқық бұзушылық жасағандығы белгілі болды. Ол әкімшілік кодекстің 614-бабында көзделген ережелерді елемей, көлік басқару кезінде жол қозғалысының өзге қатысушыларына қасақана кедергі келтірген. Жол сақшыларымен 21 жастағы азамат осы бап бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, артқы орындығындағы жолаушының қауіпсіздік белдігін қолданбағандығы анықталып, ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 3-бөлігімен хаттама толтырылды.
Дәл осындай дерекпен “BMW 5251” маркалы автокөлігінің де жүргізушісі заң негізінде жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Құқық бұзушының көлігінің артқы орындығындағы жасөспірімдер терезеден денелерін шығарып, жол қозғалысы ережесін бұзған.
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, Маңғыстау облысы ПД сіздерді ЖҚЕ қатаң сақтауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады!