11 қарашада Ақтау қаласының Полиция басқармасына қаланың 37 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді. Ол 10 шағын аудандағы көпқабатты үйдің дәлізінен белгісіз адам 50 мың теңге тұратын велосипедті жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.