Маңғыстауда 14 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

Маңғыстауда 14 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

2022 жылы 18 қарашада Маңғыстау облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Маңғыстау облысы Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында Қазақстан Республикасының 2 азаматын ұстады.

Ұсталғандарда жалпы салмағы 14 келіден асатын 7 дана бекіре тұқымдас балық табылды.

Бұл факт ҚР ҚК 339-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелген. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.