6 қазан күні Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған екі жүргізуші анықталды. Lexus маркалы автокөліктердің жүргізушілерінің бірі көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік белгі таққан болса, енді бірі алдыңғы екі бүйір терезесін қараңғылаған.
Жедел басқару орталығы және патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде екі автокөлік те тоқтатылып, жүргізушілері жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері “Lexus LX 570” автокөлігіне ҚР ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлігі бойынша хаттама жасақтаса, “Lexus LS 200” автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Екі автокөлік те айып тұрағына жабылды.