"Киік" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы

"Киік" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы

 Киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында 8-18 тамыз аралығында өңір аумағында кең ауқымды "Киік" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Аталмыш шараға ІІО жеке құрамы мен Экология, геология, табиғи ресурстар салаларының мамандары жұмылдырылды. Акция барысында Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен киіктердің мекендеу ареалдары бар облыс аумағына рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, киіктерді заңсыз аулағаны, олжалағаны, сақтағаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін мүлкін тәркілеумен 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.