«Қауіпсіз жол»: тәртіп сақшыларымен ескерту жұмыстары жүргізілуде

«Қауіпсіз жол»: тәртіп сақшыларымен ескерту жұмыстары жүргізілуде

Шілде айының 19-ы мен тамыздың 18-і аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында Маңғыстау облысы ПД ӘПБ Әкімшілік тәжірибе бөлімінің қызметкерлері Жергілікті полиция қызмет басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, халыққа түсіндірме және ескерту жұмыстарын жүргізуде.

Мақсат – құқық бұзушыларды заң талаптарына сай айыппұлдарын уақытылы және ерікті түрде төлеу қажеттілігі туралы хабардар ету. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалардың мекен-жайларына барып, ұйғарым көшірмелерін таратуда.

Сондай-ақ, айыппұлды заңмен бекітілген мерзім ішінде төлемеген жағдайда ҚР ӘҚБтК-тің 894, 895 баптарына сай шаралар қолданылатындығы жайында ескертілді.

Маңғыстау облысы ПД азаматтарды заң талаптарына бағынуға, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және құқық бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік айыппұлды белгіленген уақытында өндіруге шақырады.