«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы

23.07.2022ж. облыстық ПД-нің қызметкерлерімен «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тұрғын үйдің ауласында көкөністермен бірге өсіп тұрған 27 дана есірткі өсімдігіне ұқсас шөп тектес өсімдіктер және автокөлік гаражының ішінен кептірілген 10 дана есірткі өсімдігіне ұқсас шөп тектес өсімдіктер, сонымен қатар, ауладағы моншаның ішінен 1 дана есірткі қолдануға арналған кесілген пластмас ыдыс (баклажка), 2 дана қағазға оралған өткір иісті марихуана есірткісіне ұқсас заттар тәркіленіп алынған.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен тіркелді.

Тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.