Ақтау қаласы Полиция басқармасына алаяқтың арбауына түскен үш жергілікті тұрғын арызданған

Ақтау қаласы Полиция басқармасына алаяқтың арбауына түскен үш жергілікті тұрғын арызданған

Түркия еліне демалуға арзан бағаға жолдама алып беремін деп алдаған тұлға жәбірленушілерге жалпы сомасы 2 734 000 теңге көлемінде шығын келтірген.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 36 жастағы азаматша анықталып, ұсталған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеп-тексеру жалғасуда.

Екі күнге созылған “Anti-fraud” жедел-алдын алу шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен барлығы 10 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтардан ақша қаражатын бейтаныс адамдарға жібермеуді, көрсететін қызметтерді мұқият зерттеуді, түсініктерді, пікірлерді оқуды және содан кейін ғана қаржы операциясын жасауды сұрайды. Алданған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет.