
Маңғыстау облысының Полиция департаменті қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Ақтау қаласының 6 шағын ауданында жол қозғалысына қатысушылардың бірі ЖҚЕ бұзған бейнежазбаны анықтады.
Ақтау қ. ПБ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Toyota Corolla" автокөлігі жүргізушісінің жеке басын анықтады.
- Бейнежазба қала тұрғындарының бірінің автокөлігінің бейнетіркегішіне түсірілген. Кадрда автомобиль жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы, өзге автокөліктерге авариялық жағдай тудырғандығы байқалады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 601 және 606-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп атап өтті МО ПД бастығы Бақтыбаев Жанарбек.