2021 жылдың басынан бастап 9 ай ішінде Маңғыстау облысында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 65 дерек тіркелген, оның ішінде 64-і бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабымен 48 қылмыс, заңсыз аңшылық бойынша ҚР ҚК 337-бабы 3 қылмыс тіркелді.
Сондай-ақ, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу бойынша ҚР ҚК 335-бабымен 13 дерек, ҚР ҚК 287-бабымен, яғни қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құралғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша 1 дерек тіркелді.
Сонымен қатар, әкімшілік заңнамасымен жауапкершілікке 225 азамат тартылды. Нақтырақ айтқанда, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзуына сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен 51 хаттама, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен 16 хаттама, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру (ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша) – 156, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша, яғни қоғамдық орынды ластау – 5 хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» - 1 хаттама толтырылды.
Жыл басынан барлығы 5 714 келіден астам балық анықталған, оның ішінен Қызыл кітапқа енген 5 411 келіден астам бекіре және 1 келі бекіре тұқымдас балығының уылдырығы, 2 келіден астам албырт немесе лосось (белорыбица), 300 келі қара балық (кефаль, селедка, судак) тәркіленіп алынды.
Атап өту керек, табиғат қорғау заңнамасын бұзған тұлғалардан заттай дәлелдемелер ретінде 1 дана бірұңғылы 16 калибрлі тіркелмеген аңшылық атыс қару, 2 дана ұнғылы атыс қару, 3 дана тегіс ұнғылы қару, арқар аңына ұқсас 1 бас, 4 дана арқардың мүйізі, 8 дана сирақ пен 2 дана арқар терісі, сонымен қатар 600 метр ау мен бір резеңке қайық тәркіленіп алынды.