2021 жылғы 9 маусымда Маңғыстау облысы Ақтау қаласының аумағында арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың және БАҚ-тың қатысуымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулары өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл және терроризмге қарсы күрес бойынша берілген күштер мен құралдарды басқару дағдылары пысықталды. Іс-шара шеңберінде жалпы білім беру мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйі тексерілді.
Қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, сондай-ақ мұғалімдер мен балаларды эвакуациялау мен медициналық және психологиялық көмек көрсету дағдылары пысықталды.
Оқу-жаттығудың негізгі элементтері жедел штабтың терроризмге қарсы күрес, биологиялық қауіпті заттарды Террористік мақсаттарда пайдалану қатерлеріне ден қою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруге дайындығын тексеру, терроризмге қарсы операцияны өткізу орнына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді шұғыл жеткізу тетігін тексеру болып табылады.