Хабарламаларды қабылдау арнасына 28 хабарлама келіп түсті

Хабарламаларды қабылдау арнасына 28 хабарлама келіп түсті

Жыл басынан бері Ақтау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына тұрғындардан 71 049 қоңырау келіп түсті. Бұл орталықтың жұмысы қызметтер мен бөлімшелерді басқару мен үйлестірудің тиімділігін арттыруға, көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізуге, құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға және олардың алдын алуға көмектеседі.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 4 айда 8742 құқық бұзушылық анықталды және 72 қылмыс ашылды, оның ішінде 10 ұрлық фактісі, 2 тонау, қарақшылық, 7 бұзақылық фактісі, автокөлікті айдап әкету дерегі, 36 есірткі құралдарын сақтау фактісі, 13 мас күйінде автокөлікті басқаруды бұзушылық (әкімшілік құқық бұзушылық үшін тоқтату барысында) және басқа да деректер.

Хабарламаларды қабылдау арнасына 28 хабарлама келіп түсті, оның ішінде 4 бейнеқоңырау, 1 аудиоқоңырау және 23 SMS-хабарлама.

Барлық анықталған қылмыстар бойынша тиісті шаралар қабылданды.