“Түнгі патруль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

“Түнгі патруль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Маңғыстау облысы көлемінде 14 мамырдан бастап әр аптаның жұма, сенбі күндері бір ай көлемінде “Түнгі патруль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – облыс жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауды қамтамасыз ету, соның ішінде жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау және ескерту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу.

Өткен аптаның соңындағы, яғни 28-29 мамыр аралығында өткен кезекті рейдтік іс-шара барысында барлығы облыс бойынша 293 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 23 автокөлік айыптұраққа жабылды.

Рейдтік іс-шара кезінде ішкілікті масаң күйде көлік басқарған тоғыз жүргізуші, автокөлікті жалған мемлекеттік белгімен басқарған үш жүргізуші анықталды. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен 23 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, төрт жүргізушінің құжатсыз жүргені анықталды.

«Апта сайын жергілікті телеарна журналисттерімен қала жолдарында түнгі мезгілде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады. Жолдардағы қауіпсіздік – полицейлердің басты назарында» — деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.