Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілік түрлерін ескертеді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілік түрлерін ескертеді

Құрметті Ақтау қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары және қонақтары, Полиция департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілік түрлерін ескертеді:

1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

https://www.instagram.com/p/CMbJ933DIgZ/?utm_source=ig_web_copy_link