"Мигрант-2021" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

"Мигрант-2021" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Ағымдағы жылдың 15-19 ақпан күндері аралығында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды заңсыз көші-қон деректерін анықтау мақсатында Ақтау қаласы аумағында "Мигрант-2021" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында басқарма қызметкерлерімен 31 шетелдік азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 12-сіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен және 19-ы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен 30 әкімшілік хаттама толтырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігімен шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді мемлекет заңнамасын бұза отырып тартуына байланысты 2 әкімшілік хаттама жасақталды.

Әкімшілік іс бойынша сотқа жолданып, ел аумағынан әкімшілік жолмен тысқары шығару жөнінде шешімін орындамай жалтарып жүрген 16 шетел азаматы анықталып, мемлекет шекарасынан тысқары шығарылды.