Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында, сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Қауіпсіз балалық шақ" жол картасын орындау шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізілуде

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында, сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Қауіпсіз балалық шақ" жол картасын орындау шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізілуде

Маңғыстау облысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың, кәмелетке толмағандарға қатысты, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында, сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Қауіпсіз балалық шақ" жол картасын орындау шеңберінде рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Маңғыстау облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданын аралап шықты. Қазіргі уақытта аудан бойынша 23 отбасы есепте тұр, онда 74 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Полицейлер есепте тұрған және өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды тексерді. Полиция подполковнигі А.Жұмбатов бастаған тәртіп сақшылары әр отбасына барып, ата-аналарымен ғана емес, балаларымен де әңгімелесті.