Полиция департаментінің фронт-офисінен тұрғындар байланысқа қосылды.
Мұндай іс-шараның негізгі мақсаты халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сенім деңгейін арттыру болып табылады.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, ведомство басшылығының және оның аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен аудандық полиция бөлімдеріне дейін азаматтарды қабылдау эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және заманауи технологияларды пайдалана отырып, онлайн-режимде жүргізіледі.
Бүгін Департамент бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевқа қабылдауға он азамат келіп, түрлі сипаттағы сұрақтармен жүгінді.
Олардың көпшілігі қылмыстық, әкімшілік материалдарға қатысты болды. Барлық келушілерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша білікті жауаптар берілді.
Мысалы, өңір тұрғыны Жаңаөзенде орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты ведомство басшысына сауалдарымен жүгінді. Департамент басшысы сол жерде өзінің тергеу бойынша орынбасары полиция полковнигі Амангелді Досжановқа тұрғынның мәселесі бойынша шешімін табуды тапсырды. Жол-көлік оқиғасы бойынша материалды объективті түрде қарастыру мақсатында Досжанов Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге Жаңаөзен қаласына жол жүріп кетті.
Бақтыбаев қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды ол жеке бақылауға алды.