Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының азаматтарымен Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жалғасуда

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының азаматтарымен Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жалғасуда

«Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуінің және пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысына өзгеріс енгізу туралы ескере отырып, ҚР Үкіметі 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзарту туралы 02.09.2020 жылғы №553 қаулысы шығарылған. Осыған орай уақыттың тығыздығына байланысты Армения автокөлік иелерін тіркеуге шақырамыз.

Сонымен қатар, 2020 жылдың қазан айының 23-ші жұлдызынан бастап Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында сол жақ рульдік басқарумен қайта жабдықталған Армения көлік құралдарына сертификат алуға «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғамы Маңғыстау филиалы зертханасы ашылды.

Сол жақ рульдік басқарумен қайта жабдықталған Армения көлік құралдарын тіркеуге алу үшін (Сертификатты алу үшін басқару органдарынан басқа, негізгі тежегіш цилиндр, вакуум, шыны тазалағыштар, жақын жарық шамының жарық сәулесі оң жақты қозғалыс жағдайларына сәйкес келуі керек, рульдік рельс зауытта жасалған болуы керек, жүргізушінің креслосы сіздің көлігіңізде бұрын тұрған (жоғары қарай, алға қарай) сәйкес келуі керек. Қауіпсіздік белдіктеріне арналған бекіткіштер де сақталуы керек. Сынақ жүргізу құны 25000 теңге).

1. Жеке басын анықтайтын құжат (удостоверение личности);
2. Көлік құралының тіркеу куәлігінің нотариалдық түрдеаудармасы;
3. Төлемдер, яғни мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне – 8167,6, көлік құралының тіркеу куәлігіне – 3646,25 теңге, мемлекеттік жинақ – 729,25 теңге қажет етіледі.

Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасы берілетін орын Ақтау қаласы №9 өндірістік аймағы, 34 ғимарат «Досан батыр» спорт кешенінің артында орналасқан. Байланыс телефондары: 87077276748 Айдар, 87015332363 Ғалымжан, жұм.тел.334650.

Тіркеу Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Бейнеу ауданында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.