Ақтауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Ақтауда мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізушіні анықтады.

Полиция қызметкерлері тиісті шараларды қабылдап, құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізді. Ол 34 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылар арасында тұрақты түрде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Оның барысында мас күйде көлік басқару фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Полиция азаматтарды көлік құралын мас күйде басқармауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мас күйде көлік басқару жол-көлік оқиғаларына әкеліп, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

«Заң және тәртіп» қағидаты – баршаға ортақ.