
Қарақия ауданы полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры Ирназаров Жамбыл Құдайбердіұлы балабақша тәрбиеленушілерімен танымдық кездесу өткізді.
Кездесу «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балалардың жол қауіпсіздігі жөніндегі білімін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында полиция майоры бүлдіршіндерге бағдаршамның үш түсінің мағынасын түсіндіріп, қай кезде жолдан өтуге болатынын және жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалануды үйретті. Сонымен қатар жол белгілері мен көшедегі қауіпсіздік талаптары туралы қарапайым әрі түсінікті тілде әңгімеледі.
Балалардың қызығушылығын арттыру үшін түсіндіру жұмыстары ойындар мен сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жол қауіпсіздігі бойынша білімдерін толықтырды.
Полиция қызметкері балаларға жолда әрдайым мұқият болып, бағдаршам талаптарын сақтаудың маңызын ескертті.
Жол ережесін білу – қауіпсіздіктің алғашқы қадамы.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!