
Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Қарақия ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Құттымұратов Ермағанбет Жеткербайұлы оқушылармен ашық сұхбат өткізіп, олардың құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты сұрақтарына жауап берді.
Әңгіме барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мектептегі тәртіпті сақтау, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын бұзудың салдары түсіндірілді.
Полицейлер жасөспірімдерді кез келген келеңсіз жағдайға тап болған кезде немқұрайлы қалмай, ата-анасына, педагогтерге немесе полиция қызметкерлеріне дер кезінде жүгінуге шақырды.
Құқықты білу – жауапкершіліктен басталады. Заң мен тәртіпті сақтау – ортақ міндет.