Гражданская позиция – вклад в безопасность страны

Гражданская позиция – вклад в безопасность страны

Бүгін Ақжігіт ауылы әкімдігінің ғимаратында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлеріне көмек көрсетіп, азаматтық белсенділік танытқан ауыл тұрғындарын марапаттау рәсімі өтті.

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция майоры Төлегенов Берік Қалдыбекұлы ауыл тұрғындары Тілегенов Құлмұханбеткәрім Серікұлы мен Дәуренов Нұрмұханбеткәрім Дәуренұлына Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Алғыс хаттарын табыстады.

Азаматтар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азаматтық ұстаным танытып, полиция қызметкерлеріне қажетті көмек көрсеткен. Олардың белсенділігі мен жауапкершілігі құқық қорғау органдарының қызметіне қолдау көрсетудің нақты үлгісі болды.

Марапаттау барысында полиция майоры Берік Төлегенов азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара ынтымақтастығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – полиция қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағытта тұрғындардың қырағылығы, жауапкершілігі және құқық қорғау органдарына дер кезінде ақпарат беруі маңызды.

Азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.

Полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымы мен көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да тұрғындар мен полиция арасындағы өзара ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Бейнеу ауданы Полиция бөлімі