Апталық жиында атқарылған жұмыстар талқыланды

Апталық жиында атқарылған жұмыстар талқыланды

Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің жеке құрамына полиция майоры Б. Берикбаевтың төрағалығымен апталық жиын өткізілді.

Жиын барысында өткен аптада атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланып, қызметтік міндеттерді сапалы орындау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.

Сонымен қатар аудан аумағында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралардың барысы талқыланып, олардың тиімділігін арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Жеке құрамға қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты міндеттер жүктелді.

Жиын қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті нұсқаулар берілді.