Балалар полицейлермен еркін пікір алмасты

Балалар полицейлермен еркін пікір алмасты

Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері бастауыш сынып оқушыларымен кездесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға үйрету.

Іс-шара барысында полицейлер оқушыларға жолды белгіленген жерден кесіп өту, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, бағдаршам сигналдарына бағыну және жол бойында абай болу қажеттігін түсіндірді.

Балалар полицейлермен еркін пікір алмасты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жол қауіпсіздігіне қатысты мамандардан жауап алды. Кездесу барысында балаларға жолда сақтық танытып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі тағы бір мәрте ескертілді.

Полиция қызметкерлері балаларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.