Тұрғындар инспекторлардың кеңестерін басшылыққа алатынын жеткізді

Тұрғындар инспекторлардың кеңестерін басшылыққа алатынын жеткізді

Түпқараған ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қару иелерін тексеріп, қару-жарақтың заңсыз айналымының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтардың қаруды сақтау талаптарын сақтауына назар аударып, тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар тұрғындарға қаруды заңды түрде сақтау, тіркеу және пайдалану талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қаруды сақтау ережелерін бұзбауға және күдікті жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Тұрғындар өз кезегінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, инспекторлардың кеңестерін басшылыққа алатындарын жеткізді.

Аталған іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қару-жарақтың заңсыз айналымына жол бермеуге бағытталған.