
«Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» ақпараттық акциясы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Парасатты отбасы – 2026» QUIZ зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шараға түрлі сала мамандарының отбасылары мен көпбалалы отбасылар қатысып, өздерінің білімдерін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын ортаға салды.
Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау қабілеті мен жылдам шешім қабылдау шеберліктерін көрсетті.
QUIZ ойынының қорытындысы бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған отбасы III орынға ие болды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өнегелі және тату отбасыларды қоғамға үлгі ету.
Мұндай іс-шаралар отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, қоғамдағы отбасылық құндылықтардың маңызын арттыруға ықпал етеді.
Мұнайлы ауданы полиция бөлімі жүлделі орынға ие болған әріптестерін құттықтап, отбасыларына береке-бірлік пен зор денсаулық тілейді!