
«Назар аударыңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасы аясында ювеналдық полиция тобының инспекторлары аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейдтік іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол бермеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шара барысында ойын-сауық мекемелері мен жасөспірімдер көп жиналатын орындар тексерілді. Тексеру кезінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген бірнеше кәмелетке толмаған анықталды.
Анықталған жасөспірімдердің жеке басы анықталып, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шақырылды. Әрбір жағдай бойынша тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар анықталған фактілер бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне және тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндірді. Балалардың қайда және кіммен жүргенін бақылау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және түнгі уақытта қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді.
Ювеналдық полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
Полиция ата-аналарды балаларына барынша көңіл бөлуге, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.
Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ересектердің жауапкершілігі.
https://www.instagram.com/reel/DcJiv6MKbSF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==