
Ақтау қаласы Полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жүйелі түрде жеке профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Кезекті іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың бірі профилактикалық бөлмеге шақырылып, онымен жеке профилактикалық сұхбат өткізілді.
Әңгімелесу барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, жанжал жағдайларын бейбіт жолмен шешу, отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар азаматқа қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылық жасаған жағдайда заңда көзделген жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтардың мінез-құлқына бақылау жүргізіп, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде ұйымдастыруда.
Профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу, жанжалдардың ушығуына жол бермеу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Полиция азаматтарды отбасында өзара сыйластық пен түсіністікті сақтауға, туындаған мәселелерді заң аясында және бейбіт жолмен шешуге шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DcLMzMvKXqs/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==