«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

15–20 тамыз аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың деңгейін төмендету, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, ата-аналармен және жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, ал жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жол бойында балаларға ерекше сақтықпен қарауға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ міндет!

https://www.instagram.com/p/DcA9nGfMoT6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==