14–15 тамыз аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Қауіпсіз үй» күшейтілген профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Профилактикалық жұмыстар барысында отбасылық жанжалға бейім және профилактикалық есепте тұрған тұлғалар, қоғамдық тәртіп бұзушылықтары орын алуы мүмкін пәтерлер, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар назарға алынады.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп жатқан қолайсыз отбасылардың жағдайы зерделенеді.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысуға және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қауіпсіз үй – қауіпсіз отбасы!
https://www.instagram.com/p/Db_bY3aKdHg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==