Маңғыстау облысының аумағында «ТАСЫМАЛДАУШЫ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Маңғыстау облысының аумағында «ТАСЫМАЛДАУШЫ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2026 жылғы 28–30 шілде аралығында Маңғыстау облысының аумағында «ТАСЫМАЛДАУШЫ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты:

  • жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактілерінің алдын алу;

  • жолаушылар тасымалы саласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • жол-көлік оқиғаларының алдын алу;

  • техникалық ақауы бар көлік құралдарын анықтау;

  • жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылау;

  • жол қозғалысы қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.

Құрметті тасымалдаушылар!

Жолаушыларды тасымалдау кезінде:

  • жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаңыз;

  • көлік құралының техникалық жарамдылығын қамтамасыз етіңіз;

  • белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз;

  • қауіпсіздік белдіктерін пайдаланыңыз және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз;

  • заңсыз жолаушы тасымалдауға жол бермеңіз.

Есте сақтаңыз!

Жолаушылардың өмірі мен денсаулығы – жүргізушінің басты жауапкершілігі.

ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАРШАМЫЗДЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!